"Алматыда аңшылық шаруашылығын дамыту жөніндегі конференциясы өтеді"


Әдеттегідей, біздің елде қыркүйек айының алғашқы сенбісі «Аңшылық шаруашылығы қызметкерлері күні» ретінде атап өтіледі.
Осыған байланысты, Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы аңшылық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша конференция өткізуді жоспарлап отыр.
Конференция 2024 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласы, Баишев көшесі, № 23 үй мекенжайы бойынша өтеді.
«Аңшылық шаруашылығы қызметкерлері күні» өткен жылы республикалық табиғат қорғау ұйымдарының бастамасымен және Қазақстан Республикасындағы аңшылық қауымдастығының пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып кәсіби мерекелер тізіміне енгізілді.
Оқиға күні
06 қыркүйек 2024
Оқиға түрі
Конференция