15 сәуірден бастап "Киік" табиғат қорғау акциясы басталады

15 сәуірден бастап "Киік" табиғат қорғау акциясы басталады

2020 жылдың 15 сәуірінен бастап Қазақстанда кең ауқымды «Киік» табиғатты қорғау акциясы басталады, ол 2020 жылдың 15 мамырына дейін жалғасады.

Браконьерлікпен күресу, Қазақстан Республикасының аумағында киіктердің браконьерлігіне, олардың дериваттарын, сондай-ақ фаунаның басқа да түрлерін сатуға және өткізуге маманданған ұйымдысқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу жұмыстарын күшейту мақсатында экология, геология және табиғи ресурстар, ішкі істер министрлерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының «Киік» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрығына қол қойылды.

Осы бұйрықпен табиғатты қорғау акциясын өткізу барысында құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының өзара әрекеттесу бойынша Үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.

Бірнеше мобильді топтардан құралған 200 инспектор, 6 блокпост, 64 жоғары өтімді автокөлік, 16 КУНГ, 5 мотоцикл мен пилотсыз ұшу аппараты акция барысында браконьерлікке қарсы рейдтік шараларды ұйымдастыру үшін жұмылдырылады.

Басталу уақыты

15 сәуір 2020

Соңғы күні

15 мамыр 2020

Өткізу орны

Қазақстан