Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда 2 миллиард ағаш отырғызу жұмыстары

Мемлекет басшысы елімізде 2025 жылға дейін 2 миллиард ағаш отырғызуды тапсырды. Бұл тапсырманы орындау үшін облыс әкімдіктері экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге орман өсіру және орманды қалпына келтіру бойынша кешенді жоспарларды бекітті. Іс-шаралар ғылыми ұсынымдар мен орман шаруашылығы талаптарына сәйкес жүргізілуде.

2021-2023 жылдары республика бойынша 839,5 миллион ағаш (саксаул, қарағай, қарағаш, тал, жөке, алма, шырша және басқа) отырғызылып, себілді. Биылғы көктемде барлығы 131,3 миллион ағаш отырғызылды.

Ағаш отырғызу жұмыстарының сапасына қатысты туындаған қауіптерді ескере отырып, ағаш отырғызу әдістемелері қайта қаралды. Осыған байланысты мемлекет басшысы тапсырманың орындалу мерзімін 2027 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Барлық жоспарланған көрсеткіштер облыс әкімдіктеріне жеткізілді. Орман екпелерін құру жұмыстарының қарқынын арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

Дата публикации
29 августа 2024
Дата обновления
29 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
12 мая 2026
Қызыл кітап 2014 жыл
Пайдалы ақпарат
29 октября 2024
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіру
Ақпарат
29 августа 2024
Қазақстанда 2 миллиард ағаш отырғызу жұмыстары

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы