Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылауды өткізу туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аңшылық саласы және жануарлар дүниесін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды пайдалануды жүргізу қағидаларының 20-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:

1) 2026 жылғы 23-26 ақпанға дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында:

- Жаңа әкімшілік жауапкершілікті енгізу (389-бапқа толықтырулар. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, алып келу, алып кету, сақтау (ұстау) және жаңа 398-1-бап. Таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған киіктердің дериваттарын (мүйіздерін) не киіктердің таңбаланбаған дериваттарын (мүйіздерін) сақтау және (немесе) сату);

- Қуаты 6-10 кВ әуе электр желілерін құс қорғау құрылғыларымен жарақтандырусыз жобалауға, салуға және пайдалануға тыйым салу;

- Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары бекітілген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын аңшыларды арнайы даярлауды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізеді

- Жануарлар дүниесiнің пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен  ақпараттық жүйе арқылы есептiлiктi электрондық түрде табыс етуге

2) 2026 жылғы 5 наурызда сағат 10:00-ден бастап 13:00-ге дейін бейнеконференция байланыс арқылы реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтетінін хабарлайды.

Реттеу субъектілерінің және өзге мүдделі тұлғалардың шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, барлық мүдделі тұлғаларды аталған реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.

Талқылауға қатысу үшін, 2026 жылғы 3 наурызға дейінгі мерзімде толық аты-жөнін, жұмыс орнын, атқаратын қызметін, сондай-ақ мобильді телефон нөмерін көрсете отырып отырысқа қатысатын кандидатуралардың тізімін b.isakhaev@ecogeo.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 8 (7172) 74-06-46 телефон нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз.

Дата публикации
19 февраля 2026