Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті патрульдік техника (пикап) сатып алуға арналған мемлекеттік сатып алу конкурстық рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды. Кемінде 14 патрульдік техника сатып алу жоспарлануда. Сатып алудың алдын ала сомасы – 260 862 мың теңге (ҚҚС-сыз).
Жеткізу мерзімі – 2025 жылғы қаңтар айы, кепілдік мерзімі – 24 ай.
Әлеуетті өнім берушілерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысымен бекітілген Ереженің 11-тармағында көзделген талаптар қойылады.
Жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымның материалдық-техникалық базасын жаңғырту мақсатында техникалық регламентке сәйкес экологиялық талаптарға сай отандық өндірістегі техниканы сатып алу келесі шарттармен жүзеге асырылады:
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3 %-дан аспайды;
Сыйақы мөлшерлемесі – 0,1 % (несие мерзіміне біржолғы төлем);
Несие мерзімі – 7 жылға дейін;
Лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;
Негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – 2 жылға дейін;
Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванстық төлем) – 0 %, егер лизингтік төлемдер республикалық бюджет қаражатынан өтелетін болса.
Коммерциялық және бағалық ұсыныстарды, сондай-ақ өзге де қажетті материалдарды 2025 жылғы 30 қарашаға дейін мына мекенжайға жолдауға шақырамыз:
Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15А кіреберіс.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-06-83
Электрондық пошта: klhjm@ecogeo.gov.kz, b.isakhaev@ecogeo.gov.kz