Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстары әкімдіктерінің орман мекемелері аумақтарында жабық тамыр жүйесімен (ЖТЖ) тұқымбақтар салу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстық рәсімдері өткізілетінін хабарлайды.
Тұқымбақтардың болжамды жалпы алаңы – 8,36 гектар (Типтік жоба қоса беріледі).
Құрылыс аяқтау мерзімі – 2026 жылғы желтоқсан.
Әлеуетті өнім берушілерге ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 Қаулысының 11-тармағында көзделген талаптар қойылады.
2025 жылдың 25 шілдеге дейін Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер Үйі», 15 кіреберіс мекенжайы бойынша коммерциялық және баға ұсыныстарын, сондай-ақ басқа да қажетті материалдарды ұсынуға шақырамыз.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-05-98, 75-09-81.
Электрондық пошта: klhjm@ecogeo.gov.kz.