Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеуден өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қоғамдық бірлестіктер қауымдастықтарын аккредиттеуден өткізу туралы хабарлайды. Бұл аккредиттеу Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген «Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүргізіледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімінің 696-тармағына сәйкес, бұл аккредиттеу мемлекеттік қызмет болып табылады.

Қағидаларға 7-қосымшаның 8-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші келесі құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы қажет:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) мыналардың:

меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде аңшылық минимум бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін жабдықталған үй-жайлардың;

веб-сайттың;

филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса);

жануарлар дүниесін молайту мен пайдалануды қорғау саласындағы арнайы әдебиеттерді, аңшылық минимумы жөніндегі әдістемелік материалдардың, құралдар мен экспонаттардың;

жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында кәсіптік білімі бар тиісті қызметкерлер штатының;

қауымдастық құрамындағы әуесқой аңшылардың қоғамдық бірлестіктерінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін;

3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін мәліметтер нысаны.

Мемлекеттік қызмет Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқылы электронды түрде, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Құжаттарды қарау мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні екенін айта кетеміз.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 4-13 шілде аралығында сағат 17.30-ға дейін).

Дата публикации
04 июля 2025