ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өртке қарсы техниканы мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдерін өткізу жоспарлап отыр. 4х4 доңғалақты формуласы бар толық жетекті шассиде орындалған кемінде 160 (АЦ-3-40) орман орындауындағы өрт сөндіру автоцистернасын сатып алу жоспарланған.
Жеткізу мерзімі-2025 жылғы мамыр, кепілдік - 24 ай.
Әлеуетті өнім берушілерге ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 Қаулысының 11-тармағында көзделген талаптар қойылады.
2025 жылдың 15 қаңтарына дейін Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, 15а кіреберіс мекенжайы бойынша коммерциялық және баға ұсыныстарын, сондай-ақ басқа да қажетті материалдарды ұсынуға шақырамыз.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-06-83, электрондық пошта: klhjm@ecogeo.gov.kz.