Қазақстанның жануарлар әлемі
Басқарма туралы
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заң
Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Аң аулау қағидаларын бекіту туралы
Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi бойынша
Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасы байланыс нөмірлері

Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі мекендейді, оның ішінде сүтқоректілердің – 178 түрі, құстардың – 489 (олардың 396-сы Қазақстанда ұя салады, басқалары тек қыстауға ұшып келеді немесе көктем мен күзде ұшып кетеді), бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12, балықтардың – 104 және дөңгелек ауыздылардың – 3 түрі бар.
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген:
1) Омыртқалы жануарлардың – 132 түрі мен түршелері, оның ішінде дөңгелек ауыздылардың – 1 түрі, балықтардың-16, қосмекенділердің – 3, бауырымен жорғалаушылардың-10, құстардың – 57 және сүтқоректілердің – 44 түрі;
2) Омыртқасыз жануарлардың – 95 түрі, оның ішінде, буылтық құрттардың – 2, моллюскалардың (жұмсақ денелілер) – 6, шаян тәрізділердің – 1, өрмекшітәрізділердің – 1, жәндіктердің – 85 түрі енгізілген.
Сүтқоректілердің 35 түрі және құстардың 59 түрі – аңшылық объектілеріне жатады.
Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау – Комитет қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі.
Сирек тұяқты жануарлар мен киіктердің санының жыл сайын артуы байқалады.
2005 жылы тоғай бұғысы – 350 дарақ, қарақұйрық – 12 500 дарақ, құлан – 1 112 дарақ, арқар – 8 835 дарақ болса, 2022 жылғы санақ бойынша тоғай бұғысы – 1 052 дараққа (300%-ға), қарақұйрық – 15 089 дараққа (20,7%), құлан – 4 413 дараққа (396,8%), арқар – 19 730 дараққа (223,3%) өскен.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 22 желтоқсан 2022АқпаратЖануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасы жайлы
