Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпарат

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ еліміздің 10%-дан астам жерін алып жатыр. Олардың жалпы ауданы – 29,3 млн га.

Заңды тұлға мәртебесі бар ЕҚТА 8 млн га немесе Республика аумағының  2,9%-ы.

Елімізде Республикалық маңызы бар:

  • 10 мемлекеттік табиғи қорық;
  • 14 мемлекеттік ұлттық табиғи парк;
  • 7 мемлекеттік табиғи резерват;
  • 50 мемлекеттік табиғи қаумал;
  • 5 мемлекеттік қорық аймақтары;
  • 6 мемлекеттік ботаникалық бақ;
  • 1 мемлекеттік дендрологиялық парк;
  • 25 мемлекеттік табиғи ескерткіш бар.

Айта кету керек, ел тәуелсіздігін алғаннан бері ЕҚТА территориясын кеңейту, сонымен қатар жаңа ЕҚТА-лар құрылуына орай, ЕҚТА аумағы – 28 мың га-ға ұлғайған. Соңғы 5 жылда 5 табиғат қорғау мекемесі құрылды:

  • 2018 жылы  Шығыс Қазақстан облысында жалпы ауданы – 143,5 мың га «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Алматы облысында жалпы ауданы – 415, 2 мың га «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды.
  • 2020 жылы «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының аумағы кеңейтілді.
  • 2021 жылы Қарағанды облысында ауданы – 58 912 га болатын «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды.
  • Ақбөкендердің Орал популяциясын сақтау және қорғау мақсатында 2022 жылы жалпы ауданы – 343 040 га «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және Батыс Қазақстан облысында жалпы ауданы – 314 504 га «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.

Ағымдағы жылы Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мақсатында Батыс Қазақстан облысында «Жайық орманы» мемлекеттік табиғи резерватын құру жоспарлануда.

Үш табиғи объект ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді:

  1. «Сарыарқа-Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері» (2008 ж., «Наурызым» және «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорықтары);
  2. Өзбекстан және Қырғызстанмен бірлескен «Батыс Тянь-Шань» (2016 ж., «Ақсу-Жабағылы», «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорықтары және «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі);
  3. «Тұранның суық қысқы шөлдері» (2023 ж., «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы).

Республикалық маңызы бар Қазақстандық ЕҚТА ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне белсенді түрде ұсынылуда.

Қазіргі уақытта еліміздің 15 ерекше қорғалатын табиғи аумағы ЮНЕСКО биосфералық резерватының халықаралық мәртебесіне ие.

Документы
Шешім
04 июля 2025
Областные территориальные инспекции лесного хозяйства и животного мира
Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ
Ереже
29 августа 2024
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы ережесі
Шешім
15 июля 2024
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ және Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ ШЕШІМ
Новости
Полезные материалы
Қызыл кітап 2014 жыл
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы туралы
Басқарма жайлы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Областные территориальные инспекции лесного хозяйства и животного мира
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы