Қазақстанның орман қоры

Қазақстанның орман қоры

Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы, 01.01.2022 жылғы жағдайы бойынша, 30 552,5 мың га немесе Республика аумағының 11,2%-ы. Орманмен қамтылған жерлер – 13 635,3 мың га, яғни орман қоры жерлерінің 44,6%-ын алып жатыр. Жеке орман қорының ауданы – 1 017 га, орманмен қамтылған жерлер жоқ. Республика ормандылығы 5%.

Мемлекеттік орман қорының үлкен бөлігі 74,9%-ы облыстық әкімдіктердің, 24,4%-ы комитет қарамағында.

Комитеттің қарамағындағы орман мекемелерінің ауданы – 7 450,9 мың га, оның ішінде 7 335,9 мың га – заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мекемелері, оларға:

  • 10 мемлекеттік табиғи қорық;
  • 14 мемлекеттік ұлттық табиғи парк;
  • 7 мемлекеттік табиғи резерват жатады.

Одан басқа, Комитет қарамағында:

«Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығы», «Жасыл Аймақ» РМК мемлекеттік орман қоры аумағы мен «Сандықтау» оқу-өндірістік орман шаруашылығы бар.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру жөніндегі конкурстық комиссияның 2025 жылғы                     15 қыркүйектегі отырысының                 № 68/3 хаттамасынан үзінді

 

№

Лауазымның атауы

Лауазымға ұсынылды

1.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Мемлекеттік бақылау, орманы қорғау және сақтау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік

 

Нияз Жолбарыс Арыстанұлы