Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясы Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, санаты C-O-4 (1 бірлік), ООР-1
Балық шаруашылығы комитеті
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметіне жалпы басшылық жасау.Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды, бөлім қызметін перспективалық және ағымдық жоспарлауды, оның сапалы және уақтылы орындалуын, бөлім қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын, олардың Инспекцияның және Комитеттің басшылығының тапсырмаларын сапалы
және уақтылы орындауын, белгіленген тәртіпте бөлім қызметі туралы есептерді дайындауды және ұсынуды, жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Инспекция бөлімдері қызметкерлері өндірістік және еңбек тәртібін бұзған жағдайда қызметтік тексеру жүргізеді. Тәртіптік комиссияның қарауына материалдар дайындайды. Бөлімнің құзыретіне кіретін құқықтық сипаттағы
мәселелер бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен, табиғат қорғау прокуратурасымен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен хат алмасады. Инспекция қызметкерлеріне түрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша консультация беруді жүзеге асырады, заңдық құжаттарды құрастыруда құқықтық көмек көрсетеді. Сотта Инспекция мүддесін білдіреді. Инспекция азаматтық істері бойынша сотта қатысады.
Талаптар бойынша жауап беруге құқылы. Инспекцияда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік қадағалау органдарында ұйым атынан өкілдік етеді. Жұмыскерлердің жұмыстан босатылуы мен ауысуының, оларға тәртіптік жаза қолданудың
заңдылығын тексеруді жүзеге асырады. Тексерушілердің процессуалдық әрекеттерді сақтауын, тексерушілер шығарған қорытындылардың негізділігі мен дұрыстытығын, тексеру нәтижелерін ресімдеу мен процессуалдық құжаттардың жасалуын құқықтық бақылау мақсатында мемлекеттік бақылау –қадағалау органдарының кәсіпорынға жүргізетін тексерулері кезінде кәсіпорынның мүддесін білдіреді. Инспекция басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер мен басқа да құқықтық
сипаттағы құжаттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеруді, құжаттар жобаларын жауапты жұмыскерлермен келісу кезендерінің сақталуын тексеруді, құжаттар жобаларына қол қоюды жүзеге асырады.
(Блок Б, грейд 6).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
bizhanova.a@minagri.gov.kz
- 19.06.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8\2, бизнес орталық Алтын Орда (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).
-
8\7172\74-78-52