Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АНОНС!

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АНОНС!

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (әрі қарай – Комитет) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2026 жылдың 12 мамырынан  23 маусымы аралығында Комитеттің қызметіндегі  келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2025 жылдың 01 мамырынан бастап 2026 жылдың 30 маусымына дейін.

Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда сіз мына телефон арқылы хабарласа аласыз: 8/7172/74-78-50