Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарландыру

2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес,
2025 жылғы 8 шілдеде сағат 17:00-де Балық шаруашылығы комитеті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді. Байлныс телефоны 79-58-10 немесе bizhanova.a@minagri.gov.kz .