Шүлбі су қоймасының резервтік учаскелерін бекіту жөніндегі конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 28 желтоқсандағы сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) Шүлбі су қоймасының резервтік учаскесін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.
Абай облысы бойынша:
1) № 1 учаске;
2) № 6 учаске;
3) № 7 учаске;
4) № 9 учаске;
5) № 10 учаске;
Шығыс-Қазақстан облысы бойынша:
1) № 2 учаске;
2) № 4 учаске;
3) № 5 учаске;
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, e-mail).
Сондай-ақ, қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарна енгізеді.
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды және жергілікті балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда);
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-02-98, 8 (702) 626 32 56,
8 (7172) 74-10-49, 8 (747) 682 38 58,
8 (7232) 41 52 22, 8 (777) 796 39 22
Қызмет бағыты