Балық шаруашылығы комитетінде Аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің тиімділігі және азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы балық шаруашылығы саласындағы сенімді нығайту мәселелері бойынша кеңес өткізілді

Балық шаруашылығы комитетінде Аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің тиімділігі және азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы балық шаруашылығы саласындағы сенімді нығайту мәселелері бойынша кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөз сөйледі, оның барысында шенеуніктердің халықпен диалогы тиімділігінің төмендігін атап өтті, сондай-ақ, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы берік және тиімді жұмыс пен сенім үшін тұрақты сындарлы диалог қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың тиімді қызметіне кедергі келтіретін проблемаларды жою жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында бүгін ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы Н.Т. Жүнісовтың төрағалығымен Балық шаруашылығы бассейндік инспекцияларының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде азаматтар мен балық шаруашылығы субъектілері көтерген проблемалық мәселелерге уақытылы және сапалы жауап беру, сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, халықпен және қоғамдық ұйымдармен есеп беру кездесулерін өткізу мәселелері талқыланды.

Өткір проблемаларды анықтау және оларды шешуге уақтылы ден қою тұрғысынан әлеуметтік желілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, бюрократиялық кедергілерді қысқарту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және артық есептіліктерді жою бойынша ұсыныстар талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша инспекциялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына күн тәртібінде талқыланған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.