Құрметті Түркістан облысы және Шымкент қаласының БАҚ өкілдері!


ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 31 наурызда Шардара су қоймасында «Таза су айдындары» ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл акцияның мақсаты – балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау, табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарын тазарту болып табылады.
БАҚ өкілдерін экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бізбен бірге табиғатты сақтауға үлес қосуға шақырамыз! Көлік ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.
Оқиға күні
29 наурыз 2023
Оқиға түрі
Хабарландыру