Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2022 жылғы 16-17 тамызда «2015 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Каспий итбалығын зерттеу нәтижелері және оны Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде сақтау жөніндегі іс-шаралар» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.


Аталған вебинарға Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының, «Гидробиология және экология институты» мекемесінің, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының, Қазақстан қолданбалы экология агенттігінің, Қазгидромет, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының ғылыми қызметкерлері мен Норт Каспиан Оперейтинг Компани, қоғамдық бірлестіктер, балық шаруашылығы ұйымдары мен субъектілері қатысты.
Вебинар барысында 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Каспий теңізінің акваториясында жүргізіліп жатқан зерттеулер, итбалықтарды құтқару жұмыстарының нәтижелері ұсынылып, талқыланды.
Вебинар қорытындысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру үшін және каспий итбалығын сақтау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін жаратылыстану-ғылыми негіздемені әзірлеу кезінде алынған нәтижелер мен практикалық ұсынымдарды пайдалану, одан әрі зерттеудің өзекті бағыттары бойынша ұсынымдар әзірленді.
Басталу уақыты
16 тамыз 2022
Соңғы күні
17 тамыз 2022
Оқиға түрі
Конференция