Бұқтырма су қоймасының резервтегі учаскелеріне қайта конкурс өткізу туралы


Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2022 жылғы 11 наурызда Нұр-сұлтан қ. уақытымен сағат 10.00-де Бұқтырма су қоймасының резервтік учаскелерін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.
Конкурс ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/425 бұйрығымен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.
Конкурсқа Бұқтырма су қоймасының резервтегі келесі учаскелері қойылады:
1) № 14.1 учаскесі;
1) № 16.1 учаскесі;
1) № 17.1 учаскесі.
Конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы 13 783,5 теңгені құрайды.
Учаскенің бастапқы бағасы 91 890,0 теңгені құрайды.
Конкурсқа шығарылатын су айдындары тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу мақсатында 20 жыл мерзімге бекітілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін алдын ала веб-порталда тіркелу қажет (www.gosreestr.kz):
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін қамтиды;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail).
Өтінім Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сондай-ақ қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарнаны енгізеді.
Тор қоршамада және (немесе) көл-тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
конкурсқа қатысушының БАНК, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы.
Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2022 жылғы 11 наурызға дейін Нұр-сұлтан уақытымен сағат 10:00-ге дейін жүргізіледі.
☎️Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-10-58, 8 (702) 626 32 56,
8 (7182) 65-02-58, 8 (771) 516 46 64
11 наурыз 2022
Конкурс