Каспий және Үлкен Арал теңізінің резервтік учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстың өткізілетін күні туралы хабарлама

Каспий және Үлкен Арал теңізінің резервтік учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстың өткізілетін күні туралы хабарлама

ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларының 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес конкурстық комиссия веб-порталда конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен құжаттамасын қарайды. Құжаттама біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысушылар конкурстың екінші кезеңіне жіберіледі.

Алайда Конкурстық комиссия келіп түскен өтінімдерді 2022 жылғы 5-17 қаңтар кезеңінде Интернет желісінің техникалық іркілістері мен әлсіз сигналына байланысты олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау мүмкін болмады.

Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген техникалық ақаулар Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін барлық өтініш берушілердің қатысу мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін, осыған байланысты конкурстық комиссияның келіп түскен өтінімдерді қарау күнін белгіленбеген мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда интернет желісіндегі техникалық ақаулар мен іркілістер жойылды.

Осыған байланысты, ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитеті 2022 жылғы 24 қаңтарда Конкурстық комиссия барлық өтініш берушілердің келіп түскен өтінімдерін қарайтынын, содан кейін Қағидаларға сәйкес 2022 жылғы 25 қаңтарда конкурстың екінші кезеңіне жіберілгендер арасында конкурстың екінші кезеңі (аукцион) өткізілетінін хабарлайды.

Басталу уақыты

24 қаңтар 2022

Соңғы күні

25 қаңтар 2022

Оқиға түрі

Конкурс