Балқаш көлінің резервтік учаскелеріне конкурс өткізу туралы

Балқаш көлінің резервтік учаскелеріне  конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2021 жылғы 28 желтоқсанда Нұр-сұлтан уақытымен сағат 10.00-де Балқаш көлінің резервтік учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.

Конкурс ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/425 бұйрығымен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес өткізілетін болады.

Конкурсқа Балқаш көлінің келесі резервтегі учаскелері қойылады:

1) № 46/1 Ақжартас учаскесі

Конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы 13 126,50 теңгені құрайды.

Учаскенің бастапқы бағасы 87 510 теңгені құрайды.

2) № 50/1 Бертіс учаскесі

Конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы 13 126,50 теңгені құрайды.

Учаскенің бастапқы бағасы 87 510 теңгені құрайды.

 

3) № 53/3 Красный октябрь учаскесі

Конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы 13 126,50 теңгені құрайды.

Учаскенің бастапқы бағасы 87 510 теңгені құрайды.

4) № 55/4 Красный рыбак учаскесі

Конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы 13 126,50 теңгені құрайды.

Учаскенің бастапқы бағасы 87 510 теңгені құрайды.

 

Конкурсқа шығарылатын Балқаш көлінің резервтегі учаскелері тор қоршамада балық өсіру мақсатында бекітілетін болады.

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала веб-порталда тіркелу қажет (www.gosreestr.kz):

1) жеке тұлғалар үшін:

жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін:

бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін қамтиды;

4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail).

Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.

Сондай-ақ қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарнаны енгізеді.

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға

  • салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
  • конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • балық шаруашылығын дамыту жоспарларында бекітілген көлемдерден жоғары тауарлық балық өсіруді жоспарлау кезінде балық шаруашылығы су айдыны және (учаскесі) үшін конкурсқа қатысушы ұсынған түпкілікті бағаға бекітілген көлемдерден тыс өсіру жоспарланатын әрбір 10 тонна үшін қатысушы ұсынған бағаны 1 % ұлғайту көзделеді.

Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2021 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 28 желтоқсанға дейін Нұр-сұлтан уақытымен сағат 10:00 00 минутқа дейін жүргізіледі.

☎️Анықтама телефондары:

8 (7172) 74-10-58, 8 (702) 626 32 56,

8 (7242) 23-19-66, 8 (702) 503 52 20

Басталу уақыты

10 желтоқсан 2021

Соңғы күні

28 желтоқсан 2021

Өткізу орны

Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2021 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 28 желтоқсанға дейін Нұр-сұлтан уақытымен сағат 10:00 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Оқиға түрі

Конкурс