«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

Қызмет

   

«БШ ҒӨО» ЖШС өз қызметімен балық шаруашылығының барлық салаларын қамтитын және ҚР барлық аумағында әрекет ететін Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған ғылыми ұйым.

     Зерттеу объектілері сулы ортаның барлық спектрі мен факторлары (гидрология, гидрохимия, қорек базасы) және тікелей су жануарлары (балық, итбалықтар, артемия және басқа гидробионттар) болып табылады.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2013 жылғы №825 қаулысына сәйкес (2020 жылғы 05 ақпандағы толықтырулармен) «БШ ҒӨО» ЖШС құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенциясы (СИТЕС) бойынша міндеттемелердің Қазақстан Республикасында балық және басқа да су жануарлары мәселелері бойынша тағайындалған ғылыми ұйым.

     БШ ҒӨО миссиясы ̶ ҚР балық ресурстарын сақтау, көбейту және оларды пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін ашу.