Меню

Страницы

Статья

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру жөніндегі конкурстың басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылы әрбір грантқа 3 млн.теңге сомасында 30 грант берілетін болады.

Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан  аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады.

Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 20 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); Байланыс номерлері: 8 7172 74-05-25, (87058223333), (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com поштасына қабылданады. 

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);

3) шығыстар сметасының жобасы;

4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс.

Грант беру қағидалары

Қосымша 2

Қосымша 3

Дата публикации
19 июля 2021
Дата обновления
19 июля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
05 мая 2026
Жастарға арналған Jastar AI виртуалды кеңесші
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
19 июля 2021
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру жөніндегі конкурстың басталуы туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы