Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) негізгі баптарын жергілікті атқарушы органдардың орындауы бойынша мониторинг жүргізді.
6 бап. Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқы тілдерін дамыту.
Еліміздегі өңірлерде 154 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, онда: этностардың 30-дан аса ана тілі оқытылады. Алматы және Жамбыл облыстарында әлі де жексенбілік мектептер жоқ.
Барлық өңірлердегі Достық үйлерінде қазақ тілін үйрену бойынша «Мәміле» пікірталас клубтары ұйымдастырылды. Карантиндік және төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты клубтың жұмысы онлайн-форматқа ауыстырылып, Facebook Instagram, woutube және facebook сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда бейнесабақтардың жазбалары тұрақты жарияланып тұрады.
6 баптың 14-1 тармақтары қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу.
Қайырымдылық. Короновирус пандемиясы кезеңінде «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде өңірлерде Ассамблея күн сайын көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік себеттерін, медициналық маскаларды, тұрмыстық химиялық жиынтықтар, дәрі-дәрмектер мен бірінші қажеттілік құралдарын таратуға қаржылық және гуманитарлық көмек көрсетті. Акция аясында 410 750 мыңнан астам азаматқа жалпы сомасы 938 450 269 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Сонымен қатар Ассамблея барлық аймақтардағы қалалық клиникалық ауруханалардың медициналық қызметкерлеріне көмек көрсетті. Атап айтқанда, әрбір қызметкерге көмек ретінде 30 кг азық-түлік бөлінді.
Ағымдағы жылғы 30-31 шілдеде Құрбан айт мұсылман мейрамында «Мың алғыс!» акциясы шеңберінде мұқтаж жандарға және медицина қызметкерлерінің отбасыларына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тарату ұйымдастырылды.
Ассамблея індеттің өршуі кезінде дәрігерлер мен провизорлық орталықтарға көмек көрсетті, қажетті дәрі-дәрмектер мен тыныс алу аппараттарын 151 миллион теңгеге сатып алды.
Медиация. Ассамблея осы қызмет бағытының үйлестірушісі болып табылатын республикалық Медиация кеңесін құрды.
«Қоғамдық келісім» КММ және өңірлердің Достық үйлерінде
28 медиация кеңесі жұмыс істейді, олардың құрамына этномәдени және қоғамдық бірлестіктер, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, медиаторлар бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері кіреді.
Қазіргі таңда республикада 335 медиация кабинеті жұмыс істейді, оның ішінде: 17 - өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері жанында,
1 – «Тұран-Астана» университетінің жанында. Ассамблеяның қамқорлығымен 317 диалог алаңы ашылды, онда Ассамблея медиаторлары азаматтарды қабылдайды және туындаған жағдайды шешуге тегін жәрдемдеседі.
Медиация кабинеті 2019 жылғы кезеңімен салыстырғанда 168 кабинетке қысқарды. 2019 жылы - 503 медиация кабинеті болса, 2020 жылы - 335 кабинет. Мұның себебі, кәсіподақ ұйымдары, «Nur Оtan» партиясы Татуластыру орталықтары ашылуына және пандемияға байланысты.
Бірінші жартыжылдықта Ассамблея медиаторлар тізілімінде 1411 медиатор тіркелген, оның ішінде – 882 кәсіби емес және 529 кәсіби.
Салыстырмалы түрде 2019 жылы 962 медиатор тіркелген, осылайша медиаторлар саны 449-ға артты. Бұл медиатор мәртебесінің артуымен байланысты, себебі медиация институты дауларды шешуде анағұрлым тиімді болып табылады, азаматтардың медиацияға да, медиаторларға да сенімі артық болып келеді. Сонымен қатар медиаторларға 10 045 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 5 321-і кеңес алды, 4 724-і бойынша медиативтік келісімдер жасалды, өтініш берушілер негізінен отбасылық, еңбек, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша жүгінді.
Пандемия кезеңінде Ассамблея медиаторлары 7642 азаматты қамтитын онлайн-форматта 234 іс-шара және 1816 адамды қамтыған 68 медиация дағдылары туралы семинар-тренингтер өткізді.
Әлеуметтік желілерде «ҚХА медиациясы» тобы ашылды, онда өңірлердің медиаторлар мамандары атқарылған жұмыс туралы ақпарат орналастырады, медиация кабинеттеріне тегін онлайн кеңес алу мүмкіндігі туралы хабарландырулар жарияланады, сондай-ақ медиаторлардың мекен-жайлары мен телефондары көрсетілген.
Кез келген өңірдің азаматтары «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетіне өтініш бере алады, содан кейін маман-медиаторлар, психологтар, заңгерлер, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген Татуластыру орталықтарының мамандары ZOOM платформасында консультативтік көмек көрсетеді. Мұндай форматта бірлескен жұмыс өңірлермен байланысты нығайтады.
14-1 бабына сәйкес этномәдени бірлестіктер қоғамдық аккредитация процедурасынан өтеді.
Этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу Ережесіне сәйкес қазіргі таңда 367 (14-республикалық, 42-филиалдар мен өкілдіктер және
311-жергілікті) этномәдени бірлестіктері қоғамдық аккредиттеуден өтті.
Этномәдени бірлестіктер қоғамдық аккредиттеудің Ережесіне сәйкес аккредиттелген этномәдени бірлестіктердің тізілімі Қазақстан халқы Ассамблеясының www.assembly.kz сайтында орналастырылған.
Мониторинг нәтижесі жалпы медиацияны, қайырымдылықты дамытуға, мемлекеттік тілді және этностардың ана тілдерін үйренуге қатысты Заңның ережелері табысты іске асырылып жатқанын көрсетеді.