
Этносаралық қатынас
Этносаралық қатынастар
Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастар саласының тұрақты дамуы қамтамасыз етілуде. Қазіргі таңда елімізде 100-ден астам этнос өкілдері бірлік, бейбітшілік және қоғамдық келісім жағдайында өмір сүруде.
Жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі әрі дәйекті түрде жүзеге асырылуда.
Елімізде 1000-нан астам этномәдени бірлестік бар. Этносаралық келісімді нығайтуға 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым, оның ішінде волонтерлік және жастар ұйымдары, медиация институттары, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтар, сондай-ақ медиа саласының өкілдері белсенді қатысуда.
Тоқсан сайын жүргізілетін мониторинг нәтижелері аталған саладағы мемлекеттік саясатқа халықтың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Атап айтқанда, респонденттердің 85%-ы елдегі этносаралық жағдайды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайды. Мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтары халық тарапынан кең қолдау табуда.
2026 жылдың I тоқсанында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды:
- Қызылорда қаласында жаңа Достық үйі ашылды;
- этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында 400 іс-шара өткізілді;
- 100-ден астам ақпараттық-түсіндіру тобы білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдарында 600-ден астам профилактикалық іс-шара өткізді, медиа кеңістікте 40 мыңнан астам материал жарияланды;
- этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі Журналистер клубының құрамы 2 есеге артты. Клуб мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша 3 семинар өткізілді;
- Алғыс айту күніне орай республика бойынша 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды;
- 300 мыңнан астам этномәдени бірлестік өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысуда;
- этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді жергілікті деңгейде жедел әрі тиімді шешу мақсатында өңір әкімдерінің этномәдени бірлестіктермен 60 кездесу және кеңесі өткізілді.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықОқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиға
өтіп кеттіТүркі мемлекеттері ұйымының диаспоралар мәселелері жөніндегі төртінші отырысы19 қараша 2021Пресс-релиз
өтіп кеттіМемлекеттік тілді дамыту жөніндегі "Мың бала" жобасына 205 мыңнан астам қазақстандық қатысты17 қараша 2021Құттықтау


