БАҚ

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

    Іске асырылып жатқан жобалар

    Бағыт бойынша барлық жоба

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Барлығын көру

    «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-VI Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабыныңn 4) тармақшасына сәйкес еркін қолжетімді теле-, радиоарна дегеніміз – көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарататын  теле-, радиоарна.

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), теле-, радиокомпаниялардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуді Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.

    Бұдан басқа, үміткерлердің тақырыптық бағыты мен жанрлық арақатынасы, меншікті теле-, радиобағдарламаларының, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияның көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орташа тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті жеңімпаздарды анықтау кезіндегі іріктеу критерийлері болып табылады.

    Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырылатындықтан, телеарна заңнаманың тиісті нормаларын сақтаған жағдайда Конкурсқа қатыса алады.

    Қағидалардың 6-тармағына сәйкес, Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында жарияланатынын қосымша хабарлаймыз.