«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 14/219 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешім жобасына баспа сөз

 

       

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың негіздемесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының                 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97- бабының 5 тармағы, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

         Мәслихаттың бұл шешімінің мақсаты:

Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету және Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында.

         Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

         Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде және «Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтында 2026 жылғы 3 қыркүйекте орналастырылған.

                https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15903643

 

 

Жұмыспен қамту

және әлеуметтік
бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                                      Т. Бұжықаев