«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешім жобасына баспа сөз
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың негіздемесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3–тармағы, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабы, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңы.
Мәслихаттың бұл шешімінің мақсаты:
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының заңды мүдделерін іске асыру және ҚР Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде және «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтында 2025 жылғы 5 тамызда орналастырылған.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Т. Бұжықаев