«2024-2026 жылдарға арналған Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаты шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗІ

2024 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы
Бюджет кодексінің 106 бабы 1, 4 тармақтарына, 109 бабы 1 тармағына,
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, сонымен қатар аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, ауылдық округ әкімдерінің бюджеттік өтінімдері негізінде бюджеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.

         Аудандық бюджетті нақтылау көзі болып табылады:

  1. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттік қаражаттарды қайта бөлу;

Аталған шешім жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді.

Барлық қызығушылық танытқан азаматтар жобаны талқылауға келесі сілтеме бойынша қатыса алады:

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2351406&type=2.