Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын өтті
23 қазанда Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара халық бірлігін, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды.
Тексеру комиссиясының төрағасы Д.А. Костюков құттықтау сөз сөйледі.
Көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Тексеру комиссиясының келесі қызметкерлері марапатталды:
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатымен жергілікті бюджет кірістері мен активтерді пайдалану аудитінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы Бейбіт Төленұлы Аймұхамбетов.
«Қаржы сақшысы» медалімен Агроөнеркәсіптік кешен салалары шығыстарының аудиті бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудиторы Мағажанов Қанат Әскербекұлы.
Тексеру комиссиясы төрағасының грамотасымен әкімшілік-құқықтық бөлімінің статисі Хасенова Бақыт Бірімжанқызы және сапаны бақылау бөлімінің статисі Дощанова Әйгерім Сәлімханқызы марапатталды.
Кейбір қызметкерлер алдыңғы салтанатты іс-шараға онлайн форматта қатысып, бүгін оларға лайықты марапаттарын жеке табыстады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеу құрметіне, сондай-ақ облыстардың тексеру комиссияларының құрылуының 15 жылдығын мерекелеу құрметіне «Қаржы сақшысы» төсбелгісімен нақты сектор салалары шығыстарының аудиті бөлімінің басшысы – мемлекеттік аудитор Нұрқалина Жанат Ахметқызы және Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының «Құрмет грамотасымен» нақты сектор салалары шығыстарының аудиті бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудитор Наталья Васильевна Жилякова марапатталды.
Сондай-ақ, тексеру комиссиясының мүшелері Р.С. Байғабұлов, Ш.Ж. Қосабаев, А.Ж. Испудинов және Р.С. Досаев, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары жылы лебіздерін білдірді.
Республика күні — Қазақстанның тәуелсіздікке ұмтылысын, мемлекеттілікті нығайтуды және халықтың бірлігін бейнелейтін маңызды мемлекеттік мереке. Бұл күн ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын, ұрпақтар сабақтастығын және елдің болашағы үшін әркімнің жауапкершілігін еске салады.
Барлық қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз! Отанымызға бейбітшілік, амандық, бірлік пен өркендеу тілейміз!
