Солтүстік Қазақстан облысындағы волейбол турнирі
Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласында 2026 жылғы 27–28 тамызда шекаралас облыстардың тексеру комиссиялары мен Солтүстік Қазақстан облысының қаржы саласы ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.
Спорттық іс-шараға Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілдері де қатысты.
Турнир Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының құрылғанына 30 жыл және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Спорттық іс-шара командалық өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ әртүрлі өңірлерден келген әріптестер арасындағы кәсіби және достық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Қатысушылар ұйымшылдықты, спорттық жігерді және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Турнирді ұйымдастырушыларға іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені және жылы атмосфера қалыптастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз!
