Тексеру комиссиясының Мүшесі «Бірінші студия» телебағдарламасына қатысуы
Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының Мүшесі Испудинов Арман Жақсыбекұлы облыстық «QOSTANAI TV» телеарнасының «Бірінші студия» телебағдарламасына «Қостанай облысы бойынша жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» тақырыбында қатысты.
Халықты әлеуметтік қорғау – азаматтарға қажетті көмекті көрсетіп қана қоймай, мемлекеттік қаражаттың ашық әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету аса маңызды салалардың бірі.
Бағдарлама барысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік аудит нәтижелері, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету кезінде анықталған бұзушылықтар, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар аудит нәтижелері бойынша қабылданатын шараларға, оның ішінде анықталған бұзушылықтарды жоюға және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға ерекше назар аударылды.
Тексеру комиссиясы өкілдерінің телевизиялық бағдарламаларға қатысуы мемлекеттік аудит органдары қызметінің ашықтығын арттыруға, халықтың ақпараттандырылуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруға қоғамдық бақылауды нығайтуға ықпал етеді.
