Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілері күніне, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының 15 жылдығына арналған салтанатты іс-шара

Жарияланған күні: 23 маусым 2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілері күніне, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының 15 жылдығына арналған салтанатты іс-шара

Бүгін біз кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының 15 жылдығын атап өтеміз.

Осы жылдар ішінде Тексеру комиссиясы мемлекеттік ресурстардың ашықтығын, тиімділігін және жауапты пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Барлық мемлекеттік қызметшілерге кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Осы мереке күні кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген және мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер атап өтілді.

Келесі қызметкерлер марапатталды:

«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен - Томилина Наталия Васильевна

«Қаржы сақшысы» медалімен-Нұрқалина Жанат Ахметқызы

«Мемлекеттік аудит және қаржы бақылау саласының үздігі» төсбелгісімен-Сақтағанова Айгүл Сапарқызы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының Құрмет грамотасымен - Шәріпова Анар Абайқызы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай бойынша департаменті басшысының грамотасымен - Мұханов Балғабай Қуантайұлы, Аймұхамбетов Бейбіт Төленұлы, Көкішева Гүлсара Қамзайқызы

Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Құрмет грамотасымен -Досаев Ренат Серікбайұлы, Дорошко Светлана Владимировна, Коляденко Гүлнар Мұхтарбайқызы, Мағажанов Қанат Әскербекұлы

Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының Құрмет грамотасымен-Байғабұлов Руслан Сатыбалдыұлы, Омаров Талғат Бақытұлы, Жилякова Наталья Васильевна және Бапинова Күлән Бақтыгерейқызы

Аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Асханұлы Смайыловтың құттықтауын оқып берді.

Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық, жаңа жетістіктер мен жұмыста табыс тілейміз!