Техникалық оқу

Жарияланған күні: 08 маусым 2026
Техникалық оқу

Этикалық жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарын орындау шеңберінде 2026 жылғы 05 маусымда Қостанай облысы бойынша «Ревизиялық комиссия» ММ-де техникалық оқу өткізілді.

Аталған техникалық оқудың спикерлері: Қостанай қаласы Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция майоры Дауренбеков Қ. Б., сондай-ақ дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Качеев Д. А. болды.

Техникалық оқу барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан келесі әрекеттерге жол бермеу мәселелері қаралды:

* қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе токсикоманиялық мас күйде болу және көлік құралдарын басқару;

* құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу, сондай-ақ заңсыз ойын бизнесі мен лудомияға қарсы іс-қимыл мәселелері;

* мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік және сексуалдық қысым көрсету;

* мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуы.

Барлық мәселелер нақты өмірлік мысалдармен қарастырылып, мекеме қызметкерлерінің барлық сұрақтарына толық жауап берілді.