2026 жылғы мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер арасында жыл сайын өткізілетін облыстық спартакиадаға қатысып, шағын футбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, қазақ күресі, киберспорт және волейбол спорт түрлері бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы А.К. Бисахалов команданы лайықты таныстырып, шахмат жарысында III орын иеленді.
Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жеңістер және спорттық жетістіктер тілейміз!
