Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлері Республикалық спартакиаданың іріктеу турнирінің жүлдегерлері атанды
Көкшетау қаласында ағымдағы жылдың 14-15 мамырында Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 30- жылдығына және Тексеру комиссияларының 15 -жылдығына арналған республикалық спартакиаданың іріктеу турниріне қатысты.
Спартакиаданың іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша біздің әріптестеріміз жүлделі орындарға ие болды.
1- орын:
- шахмат (әйелдер) — Мұхаметова Жанар Танатқанқызы;
- шахмат (ерлер) — Бисахалов Арман Кеңесбайұлы;
- үстел теннисі (ерлер) - Мақсұтов Марлен Әуезханұлы.
2 - орын:
- үстел теннисі (әйелдер) — Ағыбаева Гүлмира Қасымқызы;
- волейбол-Досаев Ренат Серікбайұлы, Омаров Талғат Бақытұлы, Мұсаханов Қанат Мәлікұлы, Кулалинов Азамат Омартайұлы, Айтмұхамбетов Бейбіт Төленұлы, Мағажанов Қанат Әскербекұлы, Ахмадиева Мунира Оралқызы, Дощанова Әйгерім Сәлімханқызы, Бисахалов Арман Кеңесбайұлы;
- футбол — Досаев Ренат Серікбайұлы, Омаров Талғат Бақытұлы, Хасенов Әлібек Хасенұлы, Айтмұхамбетов Бейбіт Төленұлы, Мұсаханов Қанат Мәлікұлы, Құлалинов Азамат Омартайұлы, Құлпейісов Қанат Ибрайұлы, Ғалымов Жасұлан Мейрамханұлы, Әбжамал Абылайхан Талғатбекұлы, Бисахалов Арман Кеңесбайұлы.
Турнир төрешілерінің пікірінше, Азамат Омартайұлы Құлалинов-агроөнеркәсіптік кешен шығыстары аудиті бөлімінің бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы, футболдан турнирдің «үздік ойыншысы» деп танылды.
Іріктеу турнирінің жеңімпаздары Астана қаласында өтетін спартакиаданың соңғы кезеңіне қатысады.
Турнирдің барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз! Сіздерге одан әрі сәттілік, жаңа спорттық жетістіктер және Спартакиада мәресінде лайықты өнер көрсетулеріңізді тілейміз!