Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібін түсіндіру
2026 жылғы 23 сәуірде Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өкілдері мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушыларға іріктеу рәсімдеріндегі негізгі өзгерістер, кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өту кезеңдері жан-жақты түсіндірілді. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде ашықтық, объективтілік және меритократия қағидаттарына ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, конкурстық іріктеуге қатысу бойынша практикалық ұсынымдар алды.
