🌷Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясында Наурыз мейрамының салтанатты мерекесі өтті

Жарияланған күні: 27 наурыз 2026

🌷 Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясында Наурыз мейрамының салтанатты мерекесі өтті.
Іс-шара аясында қатысушыларға Құдалық, Сырға салу және Қырқынан шығыру сияқты қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілді. Сондай — ақ, қонақтар мәдени мұраның маңызды бөлігі болып табылатын Асық пен Көтермек ұлттық ойындарымен танысты.
Мереке ұлттық мәдениетті сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, бірлік, дәстүрлерді құрметтеу және рухани жаңару қалпында өтті.