Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясында техникалық оқу өткізілді

Жарияланған күні: 06 ақпан 2026
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясында техникалық оқу өткізілді

2026 жылғы 06 ақпанда Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясында қызметкерлердің қатысуымен техникалық оқу өткізілді.

     Техникалық оқу аясында Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу Ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы А.К.Бисахалов баяндады. Баяндама барысында негізгі жаңашылдықтар мен олардың аудиторлық қызметте практикалық қолданылуы түсіндірілді.

         Сондай-ақ, жергілікті бюджет кірістерінің аудиті және активтерді пайдалану бөлімінің басшысы С.В.Дорошко  баяндама жасады, ол Тиімділік аудитін жүргізу кезінде сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың процедуралық стандартын (100 Стандарт) сақтаудың негізгі талаптарын атап өтті. Әдіснама, жоспарлау және аудит нәтижелерін бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

              Техникалық оқуды өткізу қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.