Тексеру комиссиясының қызметкерлерін техникалық оқыту

Жарияланған күні: 06 қазан 2025
Тексеру комиссиясының қызметкерлерін техникалық оқыту

Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 03 қазанында техникалық оқу өткізіліп, онда бірқатар мәселелер қаралды.

Аппарат басшысы Г.Д.Тасқынбаева мемлекеттік қызметші саласындағы заңнама нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексін және мемлекеттік аудиторлар этикасын мемлекеттік қызметшілер назарына жеткізді;

Әкімшілік-құқықтық бөлімнің басшысы А.К.Бисахалов бюджет заңнамасының жаңалықтарын түсіндірді;

Жергілікті бюджет кірістері және активтерді пайдалану аудиті бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудиторы С.В.Дорошко жеке тұлғаларға қаражат аударудың дұрыстығына аудит жүргізу кезінде ЕхсеI формулаларын қолданудың практикалық мысалында көрсетті.

Тексеру комиссиясы төрағасы Д.А.Костюков техникалық сабақты қорытындылап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындады.