Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік (жұмыс орны Павлодар қаласында).
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті
Павлодар облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер білуі.
Функционалды міндеттер
Электр станциялары, электр желілерінің сенімді, қауіпсіз жұмыс істеуіне, сондай-ақ тұтынушылардың электр тұтыну энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асыру. Электр энергетикасы обьектілеріндегі авариялық, технологиялық бұзушылықтар мониторингі және талдау. Электр энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттардың сақталуына, электр станцияларының, электр желілерінің күзгі қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығына бақылауды жүзеге асыру. Электр энергетикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Аумақтық департаменттің жұмыс жоспарын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Өңірлік деңгейде талдамалық материалдарды дайындау. Аналитикалық материалдарды, электр энергиясын өңірлік деңгейде өндіру және тұтыну теңгерімін дайындау. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйым басшыларының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуіне біліктілік тұрғысынан тексеруді қатысу және ұйымдастыру. Электроэнергетика саласындағы Стандартарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарауды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс А714 кабинеті
-
8 (7172) 74-07-20, 74-00-34