Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары, C-O-2 санаты, 1 бірлік, № Р-2
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті
Алматы қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ядролық физика
- Автоматтандыру және басқару
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Техникалық физика
- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
- Инженерлік жүйелер және желілер
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Өңір бойынша бақылау-қадағалау жұмысын жүргізу жоспарын жүзеге асыру. Электр станциялары, электр және жылу желілері, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғылары энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асыру. Электр энергетикасы обьектілеріндегі авариялық технологиялық бұзушылықтарды талдау. Электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттардың сақталуына, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығына, электр энергетикасы саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Аварияларды, жазатайым оқиғаларды және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының өзге де өрескел бұзушылықтарын жіберген кінәлі жауапты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың меншік иелеріне ұсыныстар енгізу немесе электр энергетикасы саласындағы заңнамаларды бұзуға кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға материалдар жіберу. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және тұтынуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуіне біліктілік тексеруді ұйымдастыру. Тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес аумақтық бөлімшенің жұмыс жоспарын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Энергияны өндіру, беру, бөлу және тұтыну кезіндегі электр энергиясы саласы субъектілерінің сенімді, қауіпсіз жіне үнемді жұмыс істеуіне маниторинг жүргізуді жіне талдауды ұйымдастыру, энергетикалық объектілердегі техникалық пайдалану, авариялық және жарақаттану жағыдайын талдау. Талдамалық метариалдарды, өңірлік деңгейде электр энергиясын өндіру және тұтыну теңгерімін дайындау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және жасау, заңда көзделген Жоғарғы сотты қоса алғанда, кез келген сатыдағы соттарда барлық процестік әрекеттерді жасауға, оның ішінде: наразылықтар мен талап қою арыздарына қол қоюға, оларды ұсынуға және беруге, талап қою арызына пікірлерге қол қоюға құқылы; іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер жасауға, көшірмелерін алуға; сот талқылауына қатысуға, қарсылық білдіруді мәлімдеуге, дәлелдемелер ұсынуға, дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға, процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, өтінішхаттар мәлімдеуге құқылы, сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге, процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен түсініктерін ұсынуға, іске қатысатын басқа да тұлғалардың өтініштеріне, дәлелдеріне және пайымдауларына қарсылық білдіруге; талап қоюды мойындауға, талап қоюды кері қайтарып алуға, талап қоюдан толық немесе ішінара бас тартуға, талап қоюдың нысанасын немесе негіздерін өзгертуге, сот актілеріне (шешімдерге, ұйғарымдарға, қаулыларға, бұйрықтарға) қол қоюға және шағым беруге); наразылық келтіру туралы арыздарға қол қоюға; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық іс жүргізу құжаттарына қол қоюға құқылы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.orazkhankyzy@energo.gov.kz
- Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 19 А ғимараты
-
8 (7172)648190; 8708-104-9272;