Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті электр энергетикасын дамыту және интеграция баскармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Министрлік басшыларының бұйрықтарын,
өкімдерін, шешімдерін, тапсырмаларын, бекітілген бағдарламалар мен
жоспарларды, кіріс корреспонденцияларды және бақылаудағы құжаттарды
уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы
Президент әкімдігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау;
электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
белгіленген тәртіппен Министрлік, департамент басшылығымен өткізілетін
кеңестерге қатысу; Министрліктің басшылығына баяндамалар әзірлеу үшін қажетті
анықтамалар және басқа да талдамалы мағұлматтарды әзірлеу; электр энергетикасы
саласындағы бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру; ҚР Заң жобаларын және
нормативтік құқықтық актілерін, электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік
және салалық бағдарламаларды әзірлеу, қарастыру және келісуге қатысу;
Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық
бағыныстағы ұйымдармен әрекеттесу; электр энергиясының орталықтандырылған
сауда-саттығын, теңгерімдеуші, көтерме сауда және бөлшек сауда нарықтарын
жетілдіру жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу; электр энергетикасы
саласында кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру
үшін еңбек нарығындағы білікті кадрлар қажеттілігін жоспарлау және болжау;
электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген басқа да
функцияларды өз кұзыреті шегінде орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.02.2026
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 19 блок А
-
8(7172)78-69-35