Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, C-O-1 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

611 721

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Жылу электр желілері
  • Қатты отынның химиялық технологиясы
  • Тау-кен инженері электромеханик

Функционалды міндеттер

Департаментке жалпы басшылық ету. Өңір
бойынша бақылау-қадағалау жұмысын жүргізу жоспарын ұйымдастыру және
орындалуын бақылау энергетикалық жабдығының. Электр станциялары, электр
және жылу желілері, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын
қондырғыларының пайдаланылуына және техникалық жағдайына бақылауды жүзеге
асыру. Электр энергетикасы обьектілеріндегі авариялық технологиялық
бұзушылықтарды талдау. Электр және жылу энергиясының сапасы бойынша
техникалық шарттардың сақталуына, электр станцияларының, электр және жылу
желілерінің қысқы маусымдағы жұмысқа дайындығын, электр энергетикасы
саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауды бақылауды
жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, жылуэнергетика
саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының
орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Аварияларды, жазатайым оқиғаларды және
электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің техникалық
талаптарының өзге де өрескел бұзушылықтарын жіберген кінәлі жауапты
адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың меншік иелеріне
ұсыныстар енгізу немесе электр энергетикасы саласындағы заңнамаларды бұзуға
кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тиісті
мемлекеттік органдарға материалдар жіберу. Электр және жылу энергиясын
өндіруді, беруді және тұтынуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының электр
энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуіне біліктілік
тексерулерді ұйымдастыру. Тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес аумақтық
бөлімшенің жұмыс жоспарын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Энергияны өндіру, беру, бөлу және тұтыну кезіндегі электр энергетикасы саласы
субъектілерінің сенімді, қауіпсіз және үнемді жұмыс істеуіне мониторинг жүргізуді
және талдауды ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер
бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді
қарау және жасау, заңда көзделген Жоғарғы сотты қоса алғанда, кез келген
сатыдағы соттарда барлық процестік әрекеттерді жасауға, оның ішінде:
наразылықтар мен талап қою арыздарына қол қоюға, оларды ұсынуға және беруге,
талап қою арызына пікірлерге қол қоюға құқылы; іс материалдарымен танысуға,
олардан үзінді көшірмелер жасауға, көшірмелерін алуға; сот талқылауына қатысуға,
қарсылық білдіруді мәлімдеуге, дәлелдемелер ұсынуға, дәлелдемелерді зерттеуге
қатысуға, процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, өтінішхаттар мәлімдеуге
құқылы, сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге, процесс барысында
туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен түсініктерін ұсынуға, іске
қатысатын басқа да тұлғалардың өтініштеріне, дәлелдеріне және пайымдауларына
қарсылық білдіруге; талап қоюды мойындауға, талап қоюды кері қайтарып алуға,
талап қоюдан толық немесе ішінара бас тартуға, талап қоюдың нысанасын немесе
негіздерін өзгертуге, сот актілеріне (шешімдерге, ұйғарымдарға, қаулыларға,
бұйрықтарға) қол қоюға және шағым беруге); наразылық келтіру туралы арыздарға
қол қоюға; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық іс жүргізу
құжаттарына қол қоюға құқылы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.01.2026 – 20.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.01.2026

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 19 блок А

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)78-69-35