Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті директордың орынбасары, C-2 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2026 жылғы 3 ақпанға дейін)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Астана қаласы
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Отын және көмірсутекті материалдардың химиялық технологиясы
Функционалды міндеттер
Департамент қызметіне басшылық етуге,
Департамент қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтауға;
Департаменттің қызметін үйлестіру бойынша Министрліктің басқа да құрылымдық
бөлімшелерімен жұмысын ұйымдастыруға; өзіне жүктелген міндеттер мен
функцияларды тиісінше орындауды қамтамасыз етуге; өз құзыреті шегінде мұнай
өнеркәсібі, көмірсутек шикізаттарын тасымалдау салаларындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру бойынша, магистральдық құбырды мемлекеттік реттеу
жұмысын ұйымдастыруға; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер мен
бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыруға; мұнай өнімдерінің
экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендіктарифтік және тарифтік емес
реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлеу және сауда қызметін реттеу
саласындағы уәкілетті органға ұсыну жұмысын ұйымдастыруға; мұнай
операцияларын жүргізу мен мұнай тасымалдау, магистральдық құбыр, мұнай
өнімдерін өндіру салаларында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және
оны бекітуге енгізу бойынша жұмысын ұйымдастыруға; өз құзыреті шегінде мұнай
өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, магистральдық құбыр салаларындағы
халықаралық және екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша, оның ішінде
қосымша экспорттық маршруттарды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын
(ТХКБ) дамыту бөлігінде мемлекеттік саясатты іске асыруда қазақстандық тараптың
ұстанымын қорғауға қатысу және жүзеге асыруға; 3.9. қажет болған жағдайда, ішкі
нарықтың жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін жабуға қажетті көлемде
Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде
өңдеуге арналған мұнай мөлшерін кестелермен (жылдық және ай сайынғы)
айқындау жұмысын ұйымдастыруға; жаңа магистральдық құбырды салу жобасын
келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімді қабылдауға қатысуға;
Министрліктің Стратегиялық жоспарын, бағдарламалық құжаттарын және
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау
жүйесінің өзге де құжаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге, әзірлеуге,
мониторинг жүргізуге және бақылауға қатысу, сондай-ақ оларды жетілдіру
бойынша ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етуге; өз құзыреті шегінде даму жоспарын,
Министрліктің операциялық жоспары мен бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге,
түзетуге, іске асыруға, мониторинг пен бақылауды жүргізуге қатысу, мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу, сондай-ақ оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
актілер жобаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік
хатшының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен
ПремьерМинистрі Кеңсесі басшылығының тапсырмаларына жауаптың сапалы және
уақтылы дайындалуын, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары
тұрған органдардың бақылаудағы тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976
Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесімен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға; Департамент құзыретіне қатысты
мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға; жеке және
заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуына талдау, бағалау және бақылау
жүргізуді жүзеге асыруға; өз құзыреті шегінде Министрлік жетекшілік ететін
салаларда кадрлардың қажеттілігін анықтауға қатысуға; Ережеге сәйкес
Департаментке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындауға міндетті;
Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігі және ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды
сақтау; Өз құзыреті шегінде ЕАЭО мәселелері жөніндегі жұмыс шеңберінде мұнай
өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, магистральдық құбыр салаларында
тиісті келісімдерді, шарттарды, хаттамаларды және ілеспе нормативтік құқықтық
актілерді (қосымшаларды) дайындауға және әзірлеуге жүзеге асыруға,
Министрліктің басшылығы үшін материалдар дайындауды жүзеге асыруға, өз
құзыреті шегінде ЕАЭО жұмыс топтарының отырыстарында мұнай өнеркәсібі,
көмірсутек шикізатын тасымалдау, магистральдық құбыр салаларында қазақстандық
тараптың ұстанымыны қорғауды жүзеге асыруға, ЕАЭО мұнай және мұнай
өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуге
қатысу. өз құзыреті шегінде мұнай өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау,
магистральдық құбыр салаларындағы халықаралық және екіжақты ынтымақтастық
мәселелері бойынша құжаттарды дайындауға және әзірлеуге жүзеге асыруға; қажет
болған жағдайда, өз құзыреті шегінде санкциялар, сондай-ақ Еуропалық Одаққа
қазақстандық мұнайды жеткізу, КҚК-ның санкциялық емес мәртібесін қолдау
мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмысында Қазақстанның
ұстанымдарын қорғаумен қатысуды жүзеге асыруға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.11.2025
- Министерство энергетики Республики Казахстан, проспект Қабанбай батыра 19 А
-
8 (7172)78-69-35