Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Заң қызметі департаменті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық

Функционалды міндеттер

Министрліктің кінә-талап қою жұмыстарын жүзеге асыру; Талап өтініштерді әзірлеу, апелляциялық және қадағалау шағымдарын әзірлеу, апелляциялық және қадағалау наразылықтарын білдіру туралы прокуратура органдарына қолдаухаттарды, апелляциялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтарды әзірлеу; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету, Министрліктің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау. Жетекшілік ететін басқарма қызметкерлерінің қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асыру, жетекшілік ететін басқарма қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. Министрліктің қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету; Министрлікте заңнаманың қолданылу тәжірибесін жинақтау; Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру және насихаттау; Министрліктің басқармасының құзыреті шегінде құқықтық оқытуды жүргізу және ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жобаларын және өзге де заңнамалық сипатағы құжаттарын әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.10.2025 – 31.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

04.11.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы Кабанбай батыра даңғылы 19 блок А

Анықтама алу үшін байланыс

78-69-35