Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті мемлекеттік бақылау және рұқсаттар беру басқармасының басқарма басшысы, C-3
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Мұнай газ ісі
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін басқару және ұйымдастыру;
көмірсутектерге, қатысты бөлігінде жер қойнауын пайдалану, газ және газбен
жабдықтауға салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, іске асыруға және
бақылауды қамтамасыз етуге қатысу; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық
актілер жобаларын дайындау; Департаментке енгізілген нормативтік құқықтық
актілердің жобаларын қарастыруды қамтамасыз ету; құзыреті шегінде мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыруда қатысу; «Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық
басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының
оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесімен
реттелетін салаларда мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзара әрекет жасау;
арнайы құрылған жұмыс тобы және комиссия қызметіне қатысу; көмірсутегі кен
орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия жұмысына қатысу; өз
құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік құқықтық
құжаттарды әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларды
әзірлеуге және іске асыруға қатысу; шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру
бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді қамтамасыз ету; теңiздегі объектілерді
құруға және орналастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді
қамтамасыз ету; газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлігін беру бойынша
мемлекеттік қызметті көрсетуді қамтамасыз ету; газ желісі ұйымдар бойынша
қажетті ақпаратты интернет-ресурста орналастыру және оны мониторинглеу;
аккредиттеу туралы куәліктер бойынша есепті әзірлеу; газ желісі ұйымдарының
тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету; Департамент басшылығының бақылаудағы
тапсырмалары мен міндеттерін сапалы, әрі мерзімінде орындауды ұйымдастыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруды қамтамасыз ету; реттейтін
салалардағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жүргізуді
қамтамасыз ету; құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.10.2025
- Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 19 блок А
-
8(7172)786935