Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Көмірсутектер жәнежер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті лицензиялау және салаарлық бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Мұнай газ ісі
- Мұнайхимия
- Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану
Функционалды міндеттер
Мұнай-газ, мұнай-газ-химия, өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру, газ және газбен жабдықтау, магистралдық құбырлар салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, іске асыруға және бақылауды қамтамасыз етуге қатысу; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау; Департаментке енгізілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру; құзырет шегінде мемлекеттік бақылауды жүргізуде қатысу; «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесімен реттелетін салаларда мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзара әрекет жасау; құзыреті шегінде арнайы құрылған жұмыс тобы және комиссия қызметі жұмысына қатысу; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік- техникалық құжаттарды әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарының бұзылуы туралы уәкілетті және құқық қорғау органдарына материалдар әзірлеу; реттелетін саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы туралы істер бойынша талап-арыз дайындау және істі сотта қарауға қатысу; газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету; көмірсутектер саласындағы қызметке лицензия беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету; берілген және қайта ресімделген лицензиялардың тізілімін жүргізу үшін ақпарат дайындау; лицензиялау және ақпараттандыру туралы заңнамаларға сәйкес интернет-ресурстарда орналастыруға қажетті ақпаратты әзірлеу; Департаментпен жасалған нормативтік құқықтық актілерді бекіту және тіркеу бойынша жұмыстар жасау; газ желісі ұйымдар бойынша қажетті ақпаратты интернет-ресурста орналастыру және оны мониторинглеу; аккредиттеу туралы куәліктер бойынша есепті әзірлеу; газ желісі ұйымдарының тізілімін жүргізу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарламалар жөнінде қажетті ақпаратты интернет-ресурстарда орналастыру және мониторинг жүргізу; мұнай өнімдерін көтерме саудамен өткізу қызметін бастағаны немесе аяқтағаны туралы хабарламаларды қабылдау жұмыстарын жүзеге асыру; хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу; Департамент басшыларының бақылаудағы тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындалуын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруды қамтамасыз ету; реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; құзырет шегіндегі өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.08.2025
- Қабанбай батыр даңғылы 19, Нұра ауданы Астана қаласы
-
78-68-94