1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Көмірсутектер жәнежер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті мемлекеттік бақылау және рұқсаттар беру басқармасының бас сарапшысы, C4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2025 жылғы 21 қыркүйекке дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Мұнай газ ісі
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану

Функционалды міндеттер

Көмірсутектерге қатысты бөлігінде жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, іске асыруға және бақылауды қамтамасыз етуге қатысу; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау; Департаментке енгізілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру; құзыреті шеңберінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда қатысу; «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесімен реттелетін салаларда мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзара әрекет жасау; арнайы құрылған жұмыс тобы және комиссия қызметіне қатысу; көмірсутегі кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия жұмысына қатысу; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету; теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету; газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді қамтамасыз ету; газ желісі ұйымдар бойынша қажетті ақпаратты интернет-ресурста орналастыру және оны мониторинглеу; аккредиттеу туралы куәліктер бойынша есепті әзірлеу; газ желісі ұйымдарының тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру; реттейтін салалардағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жүргізу; құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2025 – 13.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.08.2025

Сұхбаттасу орны

Қабанбай батыр даңғылы 19, Нұра ауданы Астана қаласы

Анықтама алу үшін байланыс

78-68-94