Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті екі жақты ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 16 қарашаға дейін)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Менеджмент
- Елтану
Функционалды міндеттер
«Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің шетелдік іссапар шығыстары» 005 бағдарламасына сәйкес министрліктің қызметіне қатысты мәселелер бойынша Энергетика министрлігінің орталық аппаратының бюджеттік өтінімін қалыптастыру және оларды бөлу және жұмсау, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде оларды нысаналы және тиімді пайдалану нормалары мен лимиттерін сақтау; Министрліктің қызметіне қатысты мәселелер бойынша Министрліктің орталық аппаратының бюджеттік өтінімін қалыптастыру және оларды бөлу және жұмсау, «Шетелдік делегацияның қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларға арналған Өкілдік шығыстар» 006 бағдарламасына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде оларды нысаналы және тиімді пайдалану нормалары мен лимиттерін сақтау; «Шетелдік делегацияның қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларға арналған өкілдік шығыстар» 006 бағдарламасына сәйкес бір көзден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесін дайындау мен өткізуді ұйымдастыруға қатысу; Отын-энергетика кешеніне инвестициялар тарту мәселесі бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру; Отын-энергетика кешені саласында тартылған инвестициялық жобалардың есебін және мониторингін жүргізу; «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша инвесторларды сүйемелдеу, отын-энергетика кешені саласында бірлескен кәсіпорындар құру үшін шетелдік компанияларға әлеуетті серіктестер іздеуге жәрдемдесу; Инвестициялар мен инвестициялық жобаларды тарту бойынша энергетика Министрлігі басшылығының жұмыс сапарларына анықтамалық материалдар дайындау; Халықаралық ынтымақтастық саласындағы заңнаманы, Министрліктің ережелерін, нұсқаулықтарын, нұсқаулықтары мен бұйрықтарын қолдану бойынша басқа бөлімшелерге түсініктемелер дайындау;Басқа ведомстволармен, ұйымдармен, тұлғалармен қарымқатынаста Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Министрліктің ұсынуын дайындау және ұйымдастыру; Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінен Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының нақты тапсырмаларын орындау үшін қажетті қорытындылар және Департаментке жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті басқа да құжаттар, анықтамалар мен материалдар қалыптастыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімімен инвестициялық штаб, инфрақұрылымдық сипаттағы инвестициялық жобалар және отын-энергетикалық кешенге инвестициялар тарту жөніндегі өзге де жобалар мәселелері бойынша кеңес өткізуді іске асыру үшін Министрлік жүйесінің басқа құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен ұйымдарының мамандарын тарту; Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын шет елдердің инвесторларымен өзара іс-қимыл. Қазақстанда отын-энергетика кешені саласындағы шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар отырыстарының хаттамаларының орындалуын қамтамасыз ету; Өз құзыреті шегінде іскер топтармен ынтымақтастық мәселелерін қоспағанда, екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін қажетті келісімдердің, меморандумдардың, Жол карталарының және негіздемелік сипаттағы іс-шаралар жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысу;.14 Екіжақты форматта халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның мониторингін және талдауын жүргізу бойынша қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешені саласындағы халықаралық шарттарының, меморандумдарының, жол карталары мен іс-шаралар жоспарының, сондай-ақ Министрлік басшылығының шетелдік өкілдермен кездесулерінің хаттамалары мен әңгімелесулерінің есебін жүргізу және сақтау; Министрлікте жасалған халықаралық шарттар, меморандумдар, жол карталары және іс-шаралар жоспарлары шеңберінде алынған міндеттемелерді іске асыруды және орындауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін имидждік ісшараларды (инвестициялық форумдар, көрмелер, съездер, семинарлар және т. б.) өткізу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету; Министрлік басшылығының дипломатиялық корпус өкілдерімен және ресми шетелдік делегациялармен хаттамалық іс-шараларды және іскерлік кездесулерін ұйымдастыру; Министрлік басшылығының е-қызмет жүйесі арқылы шет елдерге шығуын ұйымдастыру (Министрлік басшылығын іссапарға жіберу туралы бұйрықтар дайындау, қызметтік, дипломатиялық паспорттар мен көшпелі құжаттарды ресімдеу, қонақ үйде тұруға шетел валютасында қаражат алу, Министрлік басшылығы үшін іссапарға арналған тәуліктік және көліктік шығыстар және оларды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне пайдалану туралы есеп беру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.08.2025
- Қабанбай батыр даңғылы 19, Нұра ауданы Астана қаласы
-
78-68-94